Курс Алматы қаласында өтеді.
Сабақты екі кейбір деңгейде үш оқытушы кезектесіп жүргізеді. Оқытушылардың барлығы шетелде жоғары оқу орнын бітіріп келген мамандар. Сонымен қатар CELTA, TKT (Cambridge тарапынан берілетін ағылшын тілін оқытудың арнайы әдістеме курcтары) сертификаттарына ие.
Біз Англиядағы Кембридж университеті ұсынатын CELTA халықаралық стандарттарына сәйкес сабағымызды ұйымдастырамыз.
Бір қарағанда қымбат болып көрінуі мүмкін. Алайда есептесек,1 сағаттың құны 1 700 теңге, 60 сабақ 100 000 теңге болады. Аптасына үш рет өтетін қалыпты курстарда бір деңгейді бітіру үшін 5 ай кетеді, ол дегеніңіз 25 000*5= 125 000. Сіз уақытыңызды ғана емес, ақшаңызды да үнемдейсіз. Егер курстың басталуына 1 аптадан бұрын уақытта төлесеңіз , 10% жеңілдік аласыз (90 000 теңге).
Иә. Болады. Бастапқы елу пайызын төлеп, қалған соманы курстың үшінші аптасына дейін төлеуге болады. Ескерту: бөліп төлеген жағдайда 10 % жеңілдік сақталмайды.
Курс соңында екі түрлі құжат беріледі. Біреуі - курсқа қатысқаныңызды растайтын сертификат. Екіншісі алты апталық курс соңында тапсырған қорытынды емтиханның нәтижесі. Бұл құжатта сіздің Grammar, Vocabulary, Pronunciation, Reading, Writing, Listening, Speaking бойынша алған ұпайларыңыз көрсетіледі.
Speaking Club-тың негізгі мақсаты - тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын жетілдіру. Басқа адамдарды тыңдау және олардың сұрақтарына жауап беру арқылы өзіңіздің сөйлеу, ойыңызды жеткізу, дұрыс дыбыстау дағдыларыңызды жетілдіресіз.
Speaking Club сенбі күндері өткізіледі. Аптасына бір рет болады.
Speaking Club нақты тақырыпқа сәйкес, деңгей бойынша жүргізіледі. Әр кездесу берлгілі бір тақырыпқа не жағдаятқа арналады.
Иә, егер деңгейді алып кете алатыныңызға көз жеткізгіңіз келсе, бір сабаққа қатысып көрсеңіз болады. Бір рет сабаққа қатысудың құны – 1 000 теңге. Сабақтың уақытын білу үшін 7 707 318 88 05 (WhatsApp) хабарласып, білсеңіз болады.
Орталықтағы алты апталық курстың барлығы топ ішінде оқуға арналған. Әрі студенттер топ ішінде өзара ағылшынша сөйлесіп, тіл дағдыларын жақсы дамытады деген сенімдеміз. Әсіресе бастапқы деңгейде (Beginner, Elementary) ағылшын тілін топ ішінде оқыған дұрыс. Бұл өзгенің қатесін көре отырып, өзіңнің қатеңді тезірек жөндеуге септеседі. Ал тіл үйренуде жекелеген қиындықтар болса, мәселен, сөздерді дұрыс дыбыстау немесе күрделі ой орамдарын қолдану, арнайы стильде мәтін жазу т.с.с. оқытушыдан жеке сабақтар алуға болады. Жеке сабақтың бағасы мен уақыты оқытушымен жеке келісіледі.
Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті екі сағаттан өтеді. Нақты қай уақытта өтетіні деңгейіңізге байланысты. Мәселен, жоғары деңгейлер кешке, бастапқы деңгейлер таңертең болуы мүмкін. Бұл сұрақтың жауабын деңгейіңзді анықтаған соң нақты айта аламыз. Себебі қай деңгейде адам тез жиналса, сол топ уақыты бірінші белгіленеді.
Иә, дайындаймыз. IELTS қандай band керектігіне байланысты болмақ. Оқу алты апта болады. Бірақ уақытын оқытушымен нақтылайсыз.Деңгейіңзді анықтаған соң нақты айта аламыз.
Қазір онлайн оқыту бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Онлайн курс туралы ақпаратты бірінші болып білгіңіз келсе, әлеуметтік желідегі акаунттарымызды қарап жүруге кеңес береміз. Әлеуметтік желідегі аккаунттарымызды арнайы марафондар ұйымдастырылып тұрады.

Курс туралы

Курс

Курс уақыты

07.01.2019 - 15.02.2019

Студент саны

8-12

Уақыты

Бағасы

Жеңілдік 10%

Студенттер пікірі


Friendly atmosphere, smart instructors, and adaptive approach, this is, how I would describe Profi Asia. All of these helped me to improve my English, meet new people, acquire new skills, and eventually, enter to one of the prestigious universities in Kazakhstan, Nazarbayev University. This school makes a huge contribution to the society, and I wish you further success.

Magzhan Amangazy,
Nazarbayev University

«Profi Asia» оқыту орталығы соңғы екі жылда мен үшін тек ағылшын тілін үйренетін жер ғана емес, әртүрлі сала өкілдерімен достасып, тәжірибе алмасатын әрі білгенімді жаңғыртып, білмегенімді игеретін ыстық ұяға айналды. Себебі, қолжетімді бағасынан бұрын, көңіл толар сапасы білімгерлерді баурап алады. Мамандардың өз ісіне деген ықылас-ынтасы тіл үйренушілерге де дем береді. Ұмтылдырады, құлшындырады. Студенттердің меселін қайтармайды, қайта қажыр-қайратын қамшылайды. Әр адамның жасы мен мамандығына, қабілет-қарымына қарай оқыту әдісін қолдануы – «profiasia»-лықтардың басты артықшылығы! Осы курста оқып жүріп IELTS-қа да дайындалдым. Бәрі сәтті болды деп ойлаймын. Өйткені, докторантураға тапсырған кездегі ағылшын тілінің емтиханынан ойдағыдай балл жинауым – осындағы ұстазымыз Асхат Еркімбайдың еңбегінің жемісі. Орталық ұжымына тек сәттілік

Нұрбол Құдайбергенов
Әдебиеттанушы,Phd

"Profi Asia" орталығындағы бағдарламаға қатысуымның себебі өте қарапайым - ағылшын тілін сәл де болса тереңірек меңгергім келді. Өйткені, күнделікті жұмыста оған уақыт жоқ.

Арнайы мұғалім жалдап, өзіңді мәжбүрлемесең қиын екен. Шын мәнінде мен белгілі бір мақалаларды талдап, сондағы кездесетін phrasal verbs, тіркестер, идиом т.б. талқылаймыз деп ойладық.Әйткенмен миымдағы көп нәрсені жаңғыртып, қайта айналымға келтірдім. Кейбір түсінбей келген нәрсені қайталаған кезде жақсырақ түсіне бастайды екенсің. Бұған қоса, жаңа ұғымдар мен сөздерді білдім.

Мақпал Мұқанқызы
Азаттық радиосы, журналист

Мен үшін ең қиын болған дағдылардың бірі жазу еді. Алайда курс барысында бұл дағдымды өте жақсы жетілдірдім. Бұрынғы үрей мен қорқыныштан құтылдым.

Ағылшын тілінде сөйлейтіндер тілдерін күрмеп, күмбірлейтін сияқты еді. Қазір өзгелердің ағылшыншасын ести бастадым. Ағылшын тілі мен үшін тек байланыс құралы ғана емес, өзімді дамыту тәсілі екеніне көзім жетті.

Думан Смақов,
редактор Factcheck.kz

Маған ең ұнайтын бөлім pronunciation, себебі сөздерді дұрыс айтуға, екпін қоюға үйретеді, дұрыс дыбыстауға, қателеріңді көруге мүмкіндік береді. Меніңше 6 аптада өте үлкен прогресс болды.

Әр сабақта міндетті түрде кемінде бір listening task болғандықтан осы қабілет мықты дамыды. Топта жұмыс істеу speaking дағдымды жақсартқанын байқадым.

Ботагөз Таңатарова,
маркетолог

Осы 6 апта ішінде менің грамматикалық білімім арта түсті. Себебі бұрынғыдай емес көп нәрсені түсініп жаттығуларды түсініп жасай бастадым. Бұл курсты оқу өте пайдалы және тілді тез үйренуге мүмкіндік береді.

Азиз
студент

Биылғы алғашқы #challenge #6weeksEnglish курсын аяқтауым болды. 6 апта 5 күн бойы 2 сағаттан ағылшын тiлiн үйрендiк. Ең алдымен Асхат ағай (@urimtal) мен Бақытгүл апайға (@bakytgulsalykhova) алғыс айтқым келедi. 6 аптада бiздi #космосқа апарып келген сияқтысыздар. Ал #космосқа бiрге ұшқан группаластарым бiрiнен бiрi өткен керемет жандар. Қысқасы, жаңа әлем, жаңа достар, жаңа көзқарас, жаңа мүмкiндiк. #6weeksenglish

Гүлназ Сатыбалды
Журналист, PR-менеджер